Күлу, сықылықтау, сақылықтау, жырқылдау, жыртақтау, тырқылдау, хақақалау, қарқылдау, сыңқылдау

lat: Kúlý, syqylyqtaý, saqylyqtaý, jyrqyldaý, jyrtaqtaý, tyr- qyldaý, haqaqalaý, qarqyldaý, syńqyldaý

Күлкі шығару, мәз- мейрам болу, ішек-сілесі қату.

Қыз бұған жас балаша мәз болып, сықылықтап күле береді (М. Әуезов).

Күлгенде қатты сықылықтауға болмайды, күлгенде де шамалап күлу керек («Семья тәрбиесі).

Мәрзия сақылықтап күліп, жас балаша мәз-мейрам болады (Ш. Мұртазаев).

Бухгалтер Ешмұхан күлер сөзге де, күлмес сөзге де жырқылдап, екі eзyi екі құлағында келе жатыр (К. Қазыбаев).

Неге жетісіп жыртақтаймыз, жастарымыздың құнсыз, дымсыз өтіп бара жатқаны ма (Д. Досжанов).

Ол осы хабарға мәз болғандай, тырқылдай күліп кете берді (С. Сарғасқаев).

Бұл қатындарды қойсайшы, Танабайды аттан аударып алып, хақақалапу да шу болды (Ш. Айтматов).

Ырысбек дәл бірey екі қолтығынан бірдей шап бepiп қытықтап жібергендей, қарқылдай жөнелді (С. Мұратбеков).

Қыз-келіншек үй тігер,

Бұрала басып былқылдап,

Ақ білегін сыбанып,

әзілдесіп сыңқылдап (Абай).